АдресТеміртау қ., Республика даңғылы 26

Instagram@tjpk_stories

KZ RU

Оқу жұмысы

Оқу процесін ұйымдастыру

Нормативтік сілтемелер

  1. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңы №319-III, 2007 жылғы 27 шілде (2022 жылғы 27.06 № 129-VII өзгерістері мен толықтыруларымен);
  2. Техникалық және кәсіптік білім берудің, орта білімнен кейінгі білім берудің Мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты, Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы № 348 бұйрығымен бекітілген, 2023 жылғы 06.06 № 161 бұйрық редакциясында;
  3. Мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, қосымша білім беру ұйымдарының қызметінің Типтік қағидаларын бекіту туралы. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 31 тамыздағы № 385 бұйрығы;
  4. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2023 жылғы 28 наурыздағы № 75 бұйрығы «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында кредиттік оқыту технологиясы бойынша оқу процесін ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы»;
  5. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 27 тамыздағы № 380 бұйрығы «Дуалды оқытуды ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы»;
  6. Мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту, орта, арнайы, қосымша, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері жүргізуге міндетті құжаттардың тізбесін және олардың нысандарын бекіту туралы. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 6 сәуірдегі № 130 бұйрығы (2023 жылғы 07.08 өзгерістері мен толықтыруларымен);
  7. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру саласында мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 20 қаңтардағы № 19 бұйрығы;
  8. Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында ағымдық үлгерімді бақылау, аралық және қорытынды аттестаттауды өткізу бойынша Типтік қағидаларды бекіту туралы. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы № 125 бұйрығы (2023 жылғы 01.09 өзгерістері мен толықтыруларымен);
  9. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына қабылдау қағидаларын бекіту туралы. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 18 қазандағы № 578 бұйрығы (2022 жылғы 11.10 өзгерістері мен толықтыруларымен);
  10. Колледж Жарғысы;
  11. Колледжді дамыту стратегиясы.

Жалпы ережелер

  1. Оқу процесі жоспарланатын процесс болып табылады.
  2. Оқу процесін ұйымдастыру колледждің негізгі қызмет түрінің бірі болып табылады.
  3. Оқу процесін ұйымдастырудың мақсаты – білім алушыларға өз мамандығы бойынша оқу нәтижелерін игеруге және ҚР ТжКБ МЖМБС талаптарына сәйкес біліктілік алуға қажетті жағдай жасау.
  4. Колледждегі білім беру қызметі мемлекеттік және орыс тілдерінде жүргізіледі.
  5. Оқытушылар мен білім алушылардың жұмыс және оқу уақытын жоспарлау мыналарды қамтиды:

- Оқу жылы 1 қыркүйекте басталып, белгілі бір мамандық бойынша жұмыс оқу жоспары мен оқу процесінің кестесіне сәйкес аяқталады.

- Демалыс уақыты жылына 11 апта, оның ішінде қысқы демалыс – кемінде 2 апта.

- Білім алушылардың максималды оқу жүктемесі аптасына 54 сағаттан аспауы тиіс. Бұл көлемге факультативтік пәндер мен консультациялар кірмейді.

- Білім алушының оқу жүктемесі әр пән және (немесе) модуль немесе басқа оқу жұмыстары бойынша игерілетін кредиттер/сағаттармен өлшенеді. (1 кредит 24 академиялық сағатқа тең, 1 академиялық сағат – 45 минут).

  1. Колледждегі білім беру процесінің мазмұнын және ұйымдастырылуын анықтайтын негізгі құжаттар: оқу процесінің кестесі, жұмыс оқу жоспары, сабақ кестесі, оқу жоспарының модульдері бойынша жұмыс оқу бағдарламалары, тиісті білім беру бағдарламаларын іске асыруды қамтамасыз ететін әдістемелік материалдар.

Аралық аттестаттауды (емтиханды) ұйымдастыру

  1. Аралық аттестаттау техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында ағымдық үлгерімді бақылау, аралық және қорытынды аттестаттау қағидаларына сәйкес жүргізіледі.
  2. Барлық пәндер бойынша аралық аттестаттау көзделген, оның негізгі формалары: бақылау жұмысы, сынақ, тестілеу, емтихан.
  3. Бақылау жұмыстары мен сынақтар тиісті пәнді оқуға бөлінген оқу уақытында өткізіледі.
  4. Аралық аттестаттау оқу процесінің кестесіне сәйкес жүргізіледі.

Қорытынды аттестаттауды ұйымдастыру

  1. Қорытынды аттестаттау техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында ағымдық үлгерімді бақылау, аралық және қорытынды аттестаттау қағидаларына сәйкес жүргізіледі.
  2. Оқу ісі жөніндегі директор орынбасары қорытынды аттестаттау отырыстарының кестесін әзірлейді және оны колледж директорымен емтихан басталғанға дейін 30 күн бұрын бекітеді. Аттестаттаудың басталуына 20 күн қалғанда ақпараттық тақтаға жариялап, көшірмелерін береді:

- Қор