ТЖПК-да өндірістік оқыту және кәсіби практика оқу процесінің кестесіне және «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары үшін кәсіби практиканы ұйымдастыру және өткізу қағидаларын, сондай-ақ ұйымдарды практика базасы ретінде айқындау қағидаларын бекіту туралы» бұйрыққа (№107, 29.01.2016 ж.) сәйкес жүргізіледі.
Колледжде өндірістік оқыту оқу процесінің кестесіне, ҚР МЖМБС талаптарына және жұмыс оқу жоспарларына сәйкес ұйымдастырылатын кәсіби практикаларды өткізу арқылы жүзеге асырылады.
Кәсіби практикалар оқу процесі барысында кезең-кезеңімен өткізіліп, төмендегі түрлерді қамтиды:
Оқу практикалары колледж базасында ұйымдастырылады. Оларды өткізу үшін колледжде төмендегілер бар:
Өндірістік кәсіби практикаларды арнайы пән оқытушылары жүргізеді. Практика жетекшілері тағайындалып, практика өткізу кестесіне сәйкес кәсіпорындарға бару жүзеге асырылады.
Барлық оқу практикалары практика бағдарламаларының талаптарына сәйкес оқу кешенінің шеберханалары, зертханалары және сыныптары базасында өткізілді. Оқу практикаларын өндірістік оқыту шеберлері мен арнайы пән оқытушылары жүргізеді.
Оқу кешені құрамына мыналар кіреді:
Интернет жылдамдығы – 100 Мбит/с.
Жалпы аумақ 19143,1 м2 – негізгі оқу корпусы, оның ішінде:
Барлық нысандар типтік жобалар бойынша салынған және 1978–1991 жылдар аралығында кезең-кезеңімен пайдалануға берілген. Жалпы оқу алаңы 10334,9 м2. Екі ауысымдық оқу кезінде бір білім алушыға шаққандағы алаң 16,5 м2.
Оқу практикасының негізгі міндеттері:
Оқу практикасы барлық мамандықтар бойынша білім алушыларға жүргізіледі.
Оқу практикалары нәтижелерінің талдауы сапа көрсеткішінің 91,8% және қатысымның 100% тұрақты екенін көрсетеді.
Өндірістік оқыту бағдарламасы және оқу практикасының күнтізбелік-тақырыптық жоспары (КТЖ) білім беру бағдарламасының, ЖОЖ-дың және мамандық бейінінің талаптарына сәйкес әзірленді.
Слесарлық-механикалық практикалар нәтижелерінің талдауы сапа көрсеткішінің 98,9% және қатысымның 100% екенін көрсетеді.
Өндірістік кәсіби практикалар қала кәсіпорындарында ұйымдастырылып, бағдарламалар мен жасалған шарттарға сәйкес өткізіледі. 2023–2024 оқу жылы ішінде қала кәсіпорындарымен 38 шарт жасалды.
Жұмысшы біліктілігін алу практикасының міндеттерінің бірі – студенттердің әлеуметтенуі.
Өндірістік практикаға шығар алдында студенттермен өткізілетін нұсқаулықтарға және түсіндіру әңгімелеріне ерекше мән беріледі. Қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқаулықтан кейін студенттер тест тапсырады.
Практика жетекшілері студенттерге кәсіби міндеттерді шешуде ғана емес, сондай-ақ практиканттардың еңбек ұжымына бейімделуіне ықпал етуге міндетті.